Рыбакина US Open-нің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №10) АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісті жолын жалғастырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екінші айналымда ол чехиялық Тереза Валентовамен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:6(7). Әсіресе, екінші сетте Елена табандылық танытты: 0:2 есебінен 2:2-ге жеткізді, кейін 2:5 есебімен қалып қойғанымен, таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып әкетті.

Ойын бір сағат 40 минутқа созылды. Рыбакина төрт эйс орындап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда Елена Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен күш сынасады. Айта кетейік, алғашқы матчында ол америкалық Джульетта Пареханы 6:3, 6:0 есебімен ұтқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 10:34 Теннис
Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
29 Янв - 10:33 Теннис
Анна Данилина Australian Open турнирінің финалына алғаш рет жолдама алды
28 Янв - 10:50 Теннис
Анна Данилина теннистен Australian Open-2026 турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды
28 Янв - 09:12 Теннис
Теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, Australian Open турнирінің жартылай финалына өтті
26 Янв - 11:12 Теннис
Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты
25 Янв - 08:36 Теннис
Әмір Омарханов Манакордағы ITF M15 турнирінің жұптық разрядында жеңіске жетті
24 Янв - 20:00 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
24 Янв - 14:56 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалына сенімді өтті
23 Янв - 12:23 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open турнирінің 1/8 финалына алғаш рет шықты
23 Янв - 10:00 Теннис
Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті