Рыбакина Монреальдегі турнирдің финалына өте алмады

Елена Рыбакина

Фото: КТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Монреаль турнирінің жартылай финалында сүрініп, жарысты тоқтатты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда әлемдік рейтингте 85-орында тұрған канадалық Виктория Мбокомен кездескен Рыбакина алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңсе де, келесі екі партияда 5:7, 6:7 нәтижесімен қарсыласына есе жіберді. Енді Мбоко финалда Наоми Осака мен Клара Таусон жекпе-жегінің жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін Елена турнир барысында төрт қарсыласын — америкалық Хейли Баптист, румын Жаклин Кристиан және украиналық Даяна Ястремска мен Марта Костюкті ұтқан еді. Айта кетейік, Монреаль додасының жүлде қоры — 5 152 199 доллар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру