Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 санатындағы турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ширек финалда Елена украиналық Марта Костюкпен (28-орын) кортқа шықты. Алғашқы сетте Рыбакина 6:1 есебімен басым түсіп, екінші сетте 2:1 есебімен алға шыққан соң қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Елена жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Бұған дейін Рыбакина америкалық Хейли Баптисті (6:4, 6:3), румыниялық Жаклин Кристианды (6:0, 7:6) және украиналық Даяна Ястремскаяны (5:7, 6:2, 7:5) жеңген болатын.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры – 5 152 199 доллар. Чемпион атанған теннисші 752 275 доллар сыйақы мен 1000 рейтинг ұпайын иеленеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру