Рыбакина Монреаль турнирінің төртінші кезеңіне өтті

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №12) Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде жеңіске жетіп, төртінші раундқа жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қарсыласы румыниялық Жаклин Кристиан (№52) болған матчта Рыбакина 6:0, 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Алғашқы сетте отандасымыз айқын басымдық көрсетті. Екінші партияда бәсеке қыза түсті, бірақ тай-брейкте жеңіс қазақ теннисшісіне бұйырды. Ойын 1 сағат 22 минутқа созылды.

Рыбакина сегіз эйс жасап, бірде-бір қос қате жіберген жоқ. Ол жеті брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланса, қарсыласы брейк жасауға мүмкіндік таппады. Келесі кезеңде Елена украиналық Даяна Ястремскамен кездеседі.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 5 миллион 152 мың доллардан асады. Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, америкалық Хейли Баптисті 6:4, 6:3 есебімен жеңген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Дек - 09:30 Теннис
Қазақстандық теннисші Үндістандағы екі ITF жасөспірімдер турнирінде қатарынан топ жарды
04 Дек - 08:59 Теннис
Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылар қатарына енді
01 Дек - 15:11 Теннис
Александр Бублик маусымдағы ерекше жетістігі туралы пікір білдірді
01 Дек - 11:03 Теннис
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исламабадта өткен турнирдің жұптық сайысында топ жарды
01 Дек - 09:37 Теннис
Юлия Путинцеваның командасы «Солтүстік Пальмира трофейлерін» жеңіп алды
29 Ноя - 09:05 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирінде өнер көрсету құқығына ие болды
28 Ноя - 10:53 Теннис
Әмір Омарханов Монастирдегі ITF M15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
25 Ноя - 21:35 Теннис
Бублик маусымдағы эйс саны бойынша ATP рейтингінде үздік бестікке кірді
23 Ноя - 20:13 Теннис
Қазақстандық теннисші кәсіби деңгейдегі алғашқы титулын жеңіп алды
23 Ноя - 17:32 Теннис
Рыбакина мен Фис 2025 жылғы Әлемдік теннис лигасына қатыспайды