Рыбакина Майами турнирінің жартылай финалында жеңілді

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға жол берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу 27 наурыз күні өтті.
Матч екі сетте 6:4, 6:3 есебімен белоруссиялық теннисшінің пайдасына аяқталды. Осылайша, Рыбакина турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады, ал Соболенко финалға жолдама алды. Бұл екі спортшы арасындағы 17-ші кездесу болды.
Финалда Арина Соболенко америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Ол әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. Егер Соболенко жеңіске жетсе, турнирдің екі дүркін чемпионы атанады.
Майами турнирі 17–28 наурыз аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Рыбакина мен Соболенко 17-рет кездеседі
Тоқтар мен Нурланбек уулы жекпе-жек алдында көз арбасты
