Рыбакина Цинциннатиде финалға жете алмады

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен WTA 1000 санатындағы Цинциннати турниріндегі жолын аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда ол әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы кортқа шығып, 5:7, 3:6 есебімен жеңілді. Осылайша Рыбакина турнирді жартылай финал кезеңінде тоқтатты.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Рената Сарасуаны (70-орын), Элизе Мертенсті (22-орын), Мэдисон Кизді (6-орын) және әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтқан болатын. Биылғы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды, жеңімпаз 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру