Рыбакина Берлиндегі жарыста қанша табыс тапты

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жарыс жолын тоқтатты, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Ол ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады.
Кездесу үш сетке созылып, аса тартысты өтті. Нәтижесінде белорусьтік теннисші 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Қарсыласынан ұтылғанына қарамастан, Рыбакина жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 24 950 еуро жүлде мен рейтингке 108 ұпай еншіледі.
Аталған турнирдің жалпы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен WTA рейтингінде 500 ұпай алады. Айта кетейік, былтырғы чемпион Джессика Пегула бұл жолы 1/8 финалда ресейлік Людмила Самсоновадан жеңіліп қалды.