Руслан Мадиев Бангкокта WBA Asia белдігін қорғайды

Руслан Мадиев

Руслан Мадиев. Фото: LightRocket via Getty Images

4 қазан күні Таиланд астанасы Бангкокта жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді. Бұл кештің басты оқиғаларының бірі – қазақстандық Руслан Мадиевтің (17-2-1, 6 KO) шаршы алаңға шығуы. Ол өз белдігін жеңілмеген намибиялық боксшы Абед Шиконгоға (11-0-1, 6 KO) қарсы қорғайды.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Кездесудің алдында қос спортшы да ресми өлшеу рәсімінен өтіп, 66,7 келі (147 фунт) салмақ шегінен асқан жоқ. Салмақ өлшеуден соң дәстүрлі көз арбасу рәсімі өтіп, айқас алдындағы қызу тартыс сезілді.

Бұл Мадиев үшін маңызды кездесу болмақ. Себебі ол 7 маусымда Испанияның Льорет-де-Мар қаласында мексикалық Хорхе Баталья Мартинеспен (11-5-1, 7 KO) күш сынасып, жекпе-жек тең аяқталған еді. Енді қазақ боксшысы қайтадан жеңісті жолға оралуды көздеп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді