Роналду тағы да әлемнің ең бай спортшысы атанды

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду. Фото: Getty Images

Forbes журналы 2025 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің басында қатарынан үшінші жыл Криштиану Роналду тұр. Бұл – оның мансабындағы бесінші рет көш бастауы.

40 жастағы шабуылшы соңғы 12 айда 275 миллион доллар тапқан. Оның 225 миллионы – футболдағы келісімшарттар мен сыйақылар, ал қалған 50 миллионы – жарнама мен басқа жобалардан түскен табыс. Бұл – тарихтағы үшінші ірі жылдық табыс. Одан жоғары нәтиже тек Флойд Мейвезерде болған.

2025 жылғы ең көп табыс тапқан 10 спортшы жалпы 1,4 миллиард доллар жинаған – бұл Forbes рейтингінің тарихындағы рекорд. Әрқайсысының табысы 100 миллион доллардан асқан. Екінші орында – баскетболшы Стефен Карри, ал үшінші орын – Тайсон Фьюриге тиесілі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
07 Мар - 13:05 ММА
Закир Найманбаев Power Slap лигасында үшінші жеңісіне жетті
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін