Роналду дубль жасап, «Әл-Наср» қатарынан төртінші рет жеңіске жетті

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду. Фото: Al Nassr FC via Getty Images

Сауд Арабиясы чемпионатының 27-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Риядты» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында басты қаһарман – Криштиану Роналду. Ол 56 және 64-минуттарда қос гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Қонақтар сапынан жалғыз голды Фаиз Селемани алғашқы таймның қосымша минутында соқты.

«Әл-Рияд» кездесуді толық құрамда аяқтай алмады. 90+4 минутта Ахмед Асири қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, есеп өзгерген жоқ.

Бұл жеңістен кейін «Әл-Насрдың» ұпай саны 57-ге жетіп, команда турнир кестесінде үшінші орында келеді. Бұл — клубтың қатарынан төртінші жеңісі. Сонымен қатар, Роналду бастаған ұжым соңғы алты матчта жеңілмей келеді (төрт жеңіс, екі тең ойын). «Әл-Рияд» болса, 34 ұпаймен тоғызыншы орында.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін