Волкановски қайта UFC чемпионы атанды

Александром Волкановски

Александром Волкановски. Фото: The Straits Times

12 сәуірден 13 сәуірге қараған түні АҚШ-тың Майами қаласында UFC 314 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегі Александр Волкановски мен Диего Лопес арасында болды. Бұл кездесуде жартылай жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынды.

Бес раундқа созылған шайқас Волкановскидің пайдасына шешілді. Қазылар бірауыздан австралиялық спортшыны жеңімпаз деп таныды — 48-47, 49-46, 49-46. Осылайша, Волкановски бұрынғы атағын қайта қайтарып алды. Бұл белбеу бұған дейін Илия Топурияда болған, алайда ол салмақ дәрежесін өзгертуге шешім қабылдап, титулдан бас тартқан еді.

Бұл жеңіс Волкановскидің кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісі болды (4 жеңіліс). Лопес болса 23 рет жеңіп, 7 рет жеңілген. Ал кештің қосалқы басты жекпе-жегінде британиялық Пэдди Пимблетт америкалық Майкл Чендлерді үшінші раундта нокаутпен жеңді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды