Роналду «Әл-Насрдан» кетуі мүмкін екенін айтты

Криштиану Роналду

Фото: Getty Imagea

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында «Аль-Фатехке» қарсы өткен матчтан (2:3) кейін пікір білдірді.

Ойыннан соң Роналду әлеуметтік желіде: «Бұл тарау аяқталды. Тарих па? Әлі де жазылып жатыр. Баршаңызға алғыс!» – деп жазды. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та оның клубтық әлем чемпионатына қатысатын басқа командаға ауысуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған еді.

Маусым қорытындысы бойынша «Аль-Наср» 70 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты. Ал чемпион – «Әл-Иттихад» командасынан 13 ұпайға қалып қойды. Дегенмен Роналду 25 голмен лиганың үздік сұрмергені атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін