Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды

ajtmuhan

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісті өнерінен кейін United World Wrestling (UWW) ұйымының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Халықаралық ұйым қазақстандық спортшыны мамыр айының қорытындысы бойынша еркін күрестегі үздік балуан деп таныды.

Ризабек бұл марапатқа Вьетнамда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында топ жарғаннан кейін ие болды. Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Чемпиондық жолында Айтмұхан Қырғызстан өкілі Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен, ал Өзбекстан балуаны Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы үндістандық Лакиге еш мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды