Рингтің бай патшасы кім? Мейвезер тарихтағы ең бай боксшы атанды

Флойд Мейвезер

Флойд Мейвезер. Фото: USA Today

Флойд Мейвезер әлем боксы тарихындағы ең бай спортшы ретінде танылды, деп жазады Give Me Sport. Америкалық боксшының байлығы 400 миллион долларға бағаланған. Мұндай көрсеткішке әлі ешкім жете алған жоқ.

Екінші орында — әйгілі Джордж Форман, оның есепшотында 300 миллион доллар бар. Үштікті мексикалық Сауль Альварес түйіндеп тұр — ол мансабында 250 миллион доллар тапқан.

Тізімдегі алғашқы бестіктен Мэнни Пакьяо (220 млн) мен Оскар Де Ла Хойя (200 млн) да орын алды. Ал Тайсон Фьюриді екі рет жеңген соң Александр Усиктің байлығы 165 миллион долларға жетіп, ол алтыншы орынға көтерілді.

Ең қызығы — үздік ондықтың соңында блогерден боксшыға айналған Джейк Пол тұр. Қазір оның да дәулеті 100 миллион доллардан асады. Осы арада WBA аса ауыр салмақта мини-турнир өткізетінін жариялады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады