Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді

1770295406 1

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Ресми рәсімге, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.

Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.

1770296308

Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ел үшін маңызды оқиға саналады және олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді.

“Азия ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді.

2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтуі қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді. Бұл – біз үшін жинақталған тәжірибеге және қосымша нысандар салуды қажет етпейтін, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған спорттық әрі қалалық инфрақұрылымға сүйене отырып, еліміздің ұйымдастырушылық мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеуге жол ашады.

Қазақстан үшін қысқы Азия ойындарын қайта қабылдау – үлкен мәртебе”, – деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі мультиспорттық жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.

Бұған дейін 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген еді. Алайда қабылдаушы тарап инфрақұрылымдық жобалардың ауқымдылығына және жарыстарды дайындауға қойылатын қосымша талаптарға байланысты Ойындардың мерзімін кейінге шегеру қажеттігін мәлімдеген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Сен - 18:30 Басқа
Асель Канай Қазақстан қоржынына Азия ойындарының кем дегенде күміс медалін салды
21 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстандық мергендер пневматикалық винтовкадан жүлдесіз қалды
21 Сен - 10:45 Басқа
Қазақстан триатлоншылары аралас эстафетада жетінші орын алды
20 Сен - 08:35 Басқа
Қазақстан Азиада-2026 ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды
18 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы Азия ойындарында топта екінші орын алды
18 Сен - 13:45 Басқа
Тихон Варехин мен Темірлан Абдраимов қазіргі бессайыстан Азия ойындарының финалына өтті
16 Сен - 16:30 Басқа
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Рустам Мұрзағалиев мансабын аяқтады
14 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстан баскетбол құрамасы Азия ойындарында ширек финалға шыға алмай қалды
11 Сен - 08:36 Басқа
Бибисара Асаубаева ресейлік шахматшыдан реванш алып, алғашқы жеңісіне жетті
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды