«Реалға» өткен Трент жаңа нөмір мен жаңа есім алды

Трент

Трент. Фото: Real Madrid via Getty Images

Ағылшын қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Клубтық әлем чемпионаты басталар алдында мадридтік «Реалдың» жаңа ойыншысы ретінде 12-нөмірге ие болды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Бұрын «Ливерпульде» 66-нөмірмен ойнаған Трент Испания Ла Лигасының ережесіне байланысты бұл нөмірді сақтап қала алмады – негізгі құрам ойыншыларына тек 1 мен 25 арасындағы нөмірлер беріледі.

Бұл шектеуден жастар құрамындағы футболшылар ғана босатылады. Мысалы, биылғы маусымда «Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио 35-нөмірмен ойнап жүр. Ал Трентке ресми түрде 12-нөмір бекітілді.

Сонымен қатар енді оның жейдесінде бұрынғыдай «Александер-Арнольд» емес, тек «Трент» деген жазу болады. Мадридтік клуб «Аль-Хиляль», «Пачука» және «Ред Булл Зальцбургпен» кездеседі. Бұл трансфер үшін «Реал» «Ливерпульге» 10 миллион фунт төледі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді