Қазақстан ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

Сборная Казахстана

Фото: CameraSport

Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтингісінде бір орынға төмен сырғыды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Маусым айындағы екі ойындағы жеңілістен кейін ұлттық құрама 113-орыннан 114-орынға түсті.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Қазақстан қазіргі таңда Вьетнам (113) мен Мадагаскардың (115) арасында орналасқан. ФИФА-ның ресми рейтингі 10 шілде күні жарияланады деп күтілуде.

Жеңілістердің бірі – Беларусьпен өткен жолдастық матчта тіркелді (1:4), ал екіншісі – Солтүстік Македонияға қарсы әлем чемпионатына іріктеу ойынында болған (0:1).

Қазіргі таңда ФИФА рейтингінің көшбасында Аргентина, Испания және Франция құрамалары тұр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру