ҚПЛ-2025: Сұрмергендер тізімінде жаңа көшбасшы

Назми Грипши

Фото: ФК Астана

Қазақстан Премьер-лигасының 17-турынан кейін сұрмергендер тізімінде өзгеріс болды. «Астананың» жартылай қорғаушысы Назми Грипши жеке-дара көш бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол «Туран» қақпасына тоғызыншы голын соқты. Бұл голдардың төртеуі пенальтиден. Екінші орында — командаласы Марин Томасов. Оның еншісінде сегіз доп бар. Сондай-ақ сегіз голдан «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев пен «Оқжетпестің» ойыншысы Даурен Жұмат та тіркеген.

Үздік бестікке «Тобол» шабуылшысы Ислам Чесноков (7 гол) енеді. Турнир кестесінде «Астана» 40 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайраттың» еншісінде 37 ұпай және бір ойын кем.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру