Қазақстандық теннисші Қытайдағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Григорий Ломакин

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF M15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол жұптық сында аустралиялық Джошуа Чарльтонмен бірге чемпиондық атақты жеңіп алды.

Ломакин мен Чарльтон турнир барысында финалға дейін сәтті жетті. Айта кетерлігі, олардың жартылай финалдағы кездесуі өткен жоқ. Себебі қытайлық Дун Чжэньсюн мен Ван Аожань жұбы матч басталғанға дейін жарыстан шығып қалды.

Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп оңтүстіккореялық Чо Сын У мен қытайлық Ян Цзыцзянға қарсы ойнады. Тартысты өткен матч үш сетке созылып, Ломакин мен Чарльтонның 6:4, 4:6, 10:7 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Осылайша олар турнирдің чемпиондық трофейін иеленді.

Бұл Григорий Ломакиннің ITF турнирлеріндегі 32-ші чемпиондық атағы болды. Мааньшань қаласындағы ITF M15 турнирі 15 маусымда басталды, ал жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде жекелей сында 888-орында, ал жұптық сында 347-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады
29 Июн - 15:01 Теннис
Қазақстандық теннисшілер «Уимблдон» қарсаңында рейтингтегі орындарын сақтап қалды
27 Июн - 16:32 Теннис
Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің финалына дейін жетті