Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

Ангелина Лукас

Ангелина Лукас

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) соңғы 20 күнде үшінші рет рингке шығып, тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы оның қарсыласы боливиялық спортшы Есения Токо (1-0, 0 КО) болды.

Жекпе-жек Стамбулда өтіп, сегіз раундқа жоспарланған еді. Бірақ соңына дейін жеткен жоқ — екінші раундта Лукас бірнеше дәл соққысын дарытып, Токо жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Ангелина Лукас үшін кәсіпқой бокстағы 14-ші жетістігі болды. Ал боливиялық спортшы карьерасындағы алғашқы жеңілісіне тап болды.

Айта кетейік, Лукас соңғы үш жекпе-жегін 31 қаңтардан бері өткізіп үлгерді. Ол алдымен Мәскеуде нигериялық Айисата Оримиді жеңсе, кейін венесуэлалық Джоана Зунигадан басым түсті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады