Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады

images 2

Қазақстанның дзюдодан кадеттер құрамасының Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ұлттық құраманың өтініміне 20 спортшы енді. Ерлер құрамасында Бекарыс Құдайберген мен Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Бақдәулет Ізбасар (55 келіге дейін), Расулхан Ғабит пен Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін), Бекәлі Еркен (73 келіге дейін), Әлижан Сайлаубеков (81 келіге дейін), Шыңғыс Қонысбек (90 келіге дейін) және Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасына Жанель Айтбай мен Әдия Жанахмет (40 келіге дейін), Рамина Әбішева (44 келіге дейін), Иянат Жұбатқан мен Зере Талғатқызы (48 келіге дейін), Фатима Супығалиева (52 келіге дейін), Інжу Жұмажан мен Еркеназ Сембек (57 келіге дейін), Азима Серік (63 келіге дейін) және Тоғжан Төлебай (70 келіден жоғары) енді.

Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 20–23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды