Қазақстан құрамасының Астанадағы жүзуден әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамы анықталды

i

Қазақстанның жүзу құрамасы 15-17 қазан аралығында Астанада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады. Ел намысын өз алаңындағы жарыста 22 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл кезең биыл Баку, Ташкент және Астананы қамтитын Silk Road Tour сериясының қорытынды жарысы болмақ.

Ұлттық құрама сапына Александр Румынский, Даниил Черепанов, Максим Клименко, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Егор Василенко, Глеб Коваленя, Даниил Чужинов, Раид Хиссамиев, Мансур Балтемир, Еламан Бибулаев, Артем Шевченко, Айбат Мырзамұратов, Анатолий Руденко, Ришат Жұмағұлов, Әділбек Мұсин, Артур Миронов, Максим Сказобцов, Егор Попов, Федор Диденко, София Абубакирова және Ғалымжан Балабек енді.

Жарыстар Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру