Қазақстандық жүзуші Диас Кенжебек Азия Пара ойындарында алтын медаль алып, Азия рекордын жаңартты
Қазақстандық жүзуші Диас Кенжебек Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ерлер арасында S10 санатында 100 метрге шалқалап жүзуден өткен финалда Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар ол Азия рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд 1 минут 3,73 секунд болатын.
Сондай-ақ 20 қазанда спортшы SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 2:21.61.
Бұл Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтыны және Диас Кенжебектің үшінші медалі. Бұған дейін ол S10 санатында 100 метрге еркін жүзуден күміс жүлдеге ие болған.



