Шерзод Давлатов IJF әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 60 келіге дейінгі салмақтағы әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жаңартылған рейтингте Давлатов бірден 15 сатыға көтеріліп, 3263 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта әзербайжандық Ахмед Юсифов 5180 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында оның отандасы Балабей Агаев (4823), ал үшінші сатыда дәл осындай ұпай жинаған ресейлік Аюб Блиев орналасқан.
Бұл салмақта Қазақстанның тағы бір танымал өкілі, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол 252 ұпаймен 115-орында тұр.
Еске салайық, Шерзод Давлатов Бакуде өткен дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл жүлде Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіндегі жалғыз медалі болды.



