Қазақстан құрамасы 12 жылдан кейін әлем чемпионатына іріктеуде жеңіске жетті

Сборная Казахстана

Сборная Казахстана

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі 12 жылға созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Біздің жігіттер көптен күткен жеңісті Лихтенштейнге қарсы матчта тіркеді.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өткен бұл кездесуде Қазақстан сырт алаңда 2:0 есебімен басым түсті. Бұған дейінгі соңғы жеңіс 2013 жылдың 6 қыркүйегінде тіркелген болатын — сол кезде құрамамыз Фарер аралдарын 2:1 есебімен жеңген еді.

Осы аралықта Қазақстан 22 іріктеу матч өткізген: 7 рет тең түсіп, 15 ойында жеңіліс тапқан. Бұл жолғы жеңіс жанкүйерлер үшін үлкен үміт отын жақты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ЧМ-2026 іріктеуінде J тобында өнер көрсетіп жатыр. Қарсыластары — Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін