Иран әлем чемпионатына жолдама алды

Сборная Ирана

Сборная Ирана

Иран құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алған үшінші команда атанды. Амир Галенои баптайтын ұжым бұл жетістікке іріктеу кезеңінің сегізінші турында қол жеткізді.

Ирандықтар Өзбекстанмен өткен ойында 2:2 есебімен тең түсті. Осы нәтиженің өзі оларға әлем чемпионатына шығуға жеткілікті болды.

Бұған дейін Жапония мен Жаңа Зеландия құрамалары да чемпионатқа қатысу құқығына ие болған еді. Енді Иран да осы қатарға қосылды.

Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексика құрамалары турнирдің иесі ретінде автоматты түрде жарысқа қатысады. Финалдық кезең дәл осы үш елде өтеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру