Қазақ боксшылары Бакуде өтетін «Жібек жолы» турнирінде бақ сынайды

kazsports.kz

Фото: kazsports.kz

10–16 сәуір күндері Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық «Жібек жолы» турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 20 спортшы қатысады.

Боксшыларымыз қазірдің өзінде Бакуге барып, 30 наурыздан бері бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бұл жиын турнир алдындағы дайындықты пысықтауға жақсы мүмкіндік беріп отыр.

Жарысқа әртүрлі салмақтағы былғары қолғап шеберлері қатысады. Олардың қатарында Еркебұлан Қарап пен Нұрбол Төребеков (48 кг), Рахым Нұрлыбаев (51 кг), Бағдаулет Кенжебек пен Жәнібек Сәрсенбаев (54 кг), Ержан Сабыр (57 кг), Шыңғыс Мүсінов (60 кг), Бексұлтан Мәжжан (63,5 кг), Дархан Бекбауов (67 кг), Нұрсұлтан Мұрсал (71 кг), Сұлтанбек Бегалиев (75 кг), Дінмұхаммед Мамыр (86 кг) және тағы басқа спортшылар бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады