«Қайрат» Чемпиондар лигасында кімге қарсы ойнайды

ФК Кайрат

Фото: Getty Images

2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының қатысушылары белгілі болды. Алғаш рет бұл додада алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жаңа жүйеге сәйкес, енді турнирде 36 клуб бір кесте бойынша ойнайды. Әр команда әртүрлі себеттерден сегіз қарсыласқа тап болады. Бұрынғыдай төрт клубтан құралған топтар болмайды, бұл формат жарыстың тартысын күшейтпек.

1 себет: «ПСЖ», «Реал», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боруссия», «Барселона».

2 себет: «Арсенал», «Байер», «Атлетико», «Бенфика», «Аталанта», «Вильярреал», «Ювентус», «Айнтрахт», «Брюгге».

3 себет: «Тоттенхэм», ПСВ, «Аякс», «Наполи», «Спортинг», «Олимпиакос», «Славия», «Буде-Глимт», «Марсель».

4 себет: «Копенгаген», «Монако», «Галатасарай», «Юнион», «Карабах», «Атлетик», «Ньюкасл», «Пафос», «Қайрат».

Бұл маусымда алғаш рет «Қайрат» (Қазақстан), «Юнион» (Бельгия), «Будё-Глимт» (Норвегия) және «Пафос» (Кипр) негізгі кезеңге жолдама алды. Алматылық ұжым төртінші себетке түсті, онда «Ньюкасл», «Монако» және «Галатасарай» сияқты командалар бар.

Жеребе 28 тамызда Монакода өтеді. Қарсыластарды анықтау үшін гибридті әдіс қолданылады: шарлар қолмен алынады, ал жұптарды компьютер анықтайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады
29 Янв - 03:47 Футбол
«Қайрат» Лондонда «Арсеналға» есе жіберіп, Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтады
28 Янв - 19:11 Футбол
Усман Дембеле Сауд Арабия чемпионатына ауысуы мүмкін
28 Янв - 18:19 Футбол
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
28 Янв - 12:20 Футбол
«Қайсар» «Челсидің» бұрынғы қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр
27 Янв - 10:20 Футбол
Виктор Мозестің «Қайсармен» келісімшартының шарттары белгілі болды