«Ордабасы» ганалық жартылай қорғаушымен келісімге келді

ea557fee473c23bda8df984ec4d36052653abd8ea140f3f52b0abc01ff9b7e10 1200 675 1

Шымкенттің «Ордабасы» клубы ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Абагнамен келісімге келді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Футболшы Гана ұлттық құрамасында ойнау тәжірибесіне ие.

Дереккөз мәліметінше, 27 жастағы ойыншы қазіргі уақытта Кипрдің «АПОЭЛ» клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол команда сапында 13 матч өткізіп, бір гол соқты.

Дэвид Абагна алаңда орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Ол Гана ұлттық құрамасында да өнер көрсеткен. Футболшы алғаш рет 2022 жылы ұлттық құрамаға шақырту алып, содан бері халықаралық деңгейде жеті матч өткізген.

Еске салсақ, ҚПЛ-2026 маусымының бірінші турында «Ордабасы» павлодарлық «Иртышпен» 2:2 есебімен тең түсті. Чемпионаттың екінші турында шымкенттік клуб 16 наурыз күні сырт алаңда астаналық «Жениспен» кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру