Нұрқожа Кайпанов Азия чемпионы атанды!

Нуркожа Кайпанов

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрқожа Кайпанов (74 келі) алтын жүлдеге ие болды. Финалда ол Қырғызстан балуаны Орозбек Токтомамбетовпен белдесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Белдесу өте тартысты өтті. Екі балуан да аса сақ күресті. Дегенмен Нұрқожа шешуші сәттерде ұтымды қимылдап, өз есебіне жеңісті жазды.

Айта кетейік, өткен жылы Кайпанов олимпиадалық емес 70 келі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Бұл жолы да ол мықты екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі таңда үш жүлде бар: Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс алса, Рахат Қалжан (57 келі) қола иеленді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 12:15 Күрес
Қазақ дзюдошылары Линцтегі Гран-при турнирінде екі медаль жеңіп алды
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
06 Мар - 21:25 Күрес
Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері
05 Мар - 08:13 Күрес
Дзюдодан Австриядағы Гран-при: Әбиба Әбужақынованың татамиге оралуы
02 Мар - 20:34 Күрес
Төрт алтын: қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде қанша медаль жеңіп алды
01 Мар - 08:44 Күрес
Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы Muhamet Malo турнирінде алтын медаль иеленді
27 Фев - 09:00 Күрес
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова күрестен Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
26 Фев - 21:45 Күрес
Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді
26 Фев - 08:28 Күрес
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
17 Фев - 15:11 Күрес
Күрестен Албанияда өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды