Неймардың дублі «Сантосқа» жеңіс сыйлады

Неймар

Фото: Getty Images

Бразилия чемпионатының 18-турында Неймар қос гол соғып, «Сантосқа» маңызды жеңіс әкелді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

5 тамызға қараған түні өткен матчта «Сантос» өз алаңында «Жувентудені» 3:1 есебімен жеңді. Есепті 37-минутта Неймар ашты, ал үш минуттан кейін Альваро Барреал басымдықты еселеді. Алайда қонақтар үзіліске дейін есепті қысқарта алды — Вилькер Анхель 45+1 минутта мергендік танытты.

Екінші таймда Неймар 80-минутта пенальтиден екінші голын соғып, ойын тағдырын шешті. Бұл оның 17 шілдеден бергі алғашқы дублі. Қазіргі маусымда Неймар 9 ойында 3 гол соқты.

Жеңістен кейін «Сантос» 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде 15-орынға көтерілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру