Месси Сауд Арабиясына көшуі мүмкін

Лионель Месси

Фото: AMA

Лионель Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруды шындап ойластырып жүр, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Инсайдер Саша Тавольеридің мәліметінше, ол қазіргі кезде Махд футбол академиясының директоры Абдулла Хамадпен және Сауд Про-лигасының өкілдерімен тұрақты байланыста.

Ақпарат көздері келіссөздер аяқталуға жақын екенін айтады. Ал нақты шешімді Месси өзі қабылдайды, оған ешкім қысым жасамайды. Сондай-ақ аргентиналық футболшы Эр-Риядтағы өмір сапасына – мектептерден бастап тұрғын үйлерге дейін – оң баға берген.

Қазіргі таңда ол МЛС-тің «Интер Майами» клубында ойнап жүр. Бұған дейін «Барселона» мен ПСЖ сапында өнер көрсетті. Ал футболдағы алғашқы қадамын «Ньюэллс Олд Бойзда» бастаған. 2022 жылы Месси Аргентинаны Катардағы әлем чемпионатында жеңіске жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды