Мейірім Нұрсұлтанов Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

Мейирим Нурсултанов

Мейирим Нурсултанов. Фото: meiirim.nursultanov/Instagram

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен мүмкін болатын жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Ол бұл туралы «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Бәріміз чемпиондық үшін келдік. Егер тағдыр солай жазып, қарсылас болсақ – дайынмын. Алдымен чемпион болу керек, одан кейін абсолют чемпиондық үшін жұдырықтасу қажет. Егер мен WBC белбеуін жеңіп алсам, Әлімханұлымен айқасудан қашпаймын. Бұл – қазақ боксының деңгейін көрсететін үлкен жекпе-жек болар еді», – деді Нұрсұлтанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін WBC ұйымы қазіргі чемпион Карлос Адамеске белбеуді міндетті түрде қорғау үшін Нұрсұлтановпен кездесу өткізуді тапсырған болатын. Сонымен қатар Әлімханұлы да Адамеспен үш белбеуге таласатын кездесу өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат тараған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады