Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағына бір қадам жақындады

Мейирим Нурсултанов

Мейирим Нурсултанов. Фото: Getty Images

Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес пен қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек өткізуі мүмкін. Доминикандық боксшыға ұйым титулды міндетті түрде қорғауды тапсырды. Қазірге дейін 24 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен Адамес бұл жолы жеңіліп көрмеген қарсыласпен жұдырықтасуы керек — Мейірім 20 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен, оның 11-і — нокаутпен.

WBC екі боксшының командасына келіссөз жүргізуге 6 мамырға дейін уақыт берді. Осы күнге дейін ортақ шешім шықпаса, ұйым промоутерлік сауда өткізеді.

Айта кетейік, бұл салмақта Қазақстанның тағы бір мақтанышы — Жәнібек Әлімханұлы бар. Ол WBO мен IBF белбеуін қатар иеленіп отыр. Жәнібек те әзірге жеңіліп көрмеген — 16 рет жеңіске жетіп, оның 11-ін ерте аяқтаған.

Ал WBA титулы кубалық Эрисланди Ларада. Егер Нұрсұлтанов алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, Қазақстан орта салмақта тағы бір әлем чемпионына ие болуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр