Марат Байкамуров Astana Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

whatsapp image 2026 05 10 at 18.27.01 1

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошы Марат Байкамуров алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Финалда Марат Байкамуров Молдова өкілі Вадим Жимбовчимен белдесіп, шидо ұпайының арқасында жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Жарыс барысында Байкамуров бірнеше мықты қарсыласты жеңді. Алғашқы айналымда ол қырғызстандық Михейли Бекауриден басым түсті. Одан кейін поляк дзюдошысы Мичал Жедрежевскиді ұтып, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда қазақстандық спортшы нидерландылық Симеон Казаринаны жеңсе, жартылай финалда тағы бір Нидерланд өкілі Майкл Коррелден басым түсті. Айта кетейік, өткен жылы Марат Байкамуров осы турнирде қола жүлдеге ие болған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды
28 Авг - 08:03 Күрес
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды
24 Авг - 08:30 Басқа Күрес
Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының командалық финалына алғаш рет шықты
19 Авг - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасының Будапешттегі Grand Slam турниріне алдын ала құрамы белгілі болды
07 Авг - 17:23 Күрес
Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды