Макс Кантер «Тур Гуанси» жарысының алғашқы кезеңінде екінші орын алды

Макс Кантер Астана Про тим

Фото: sprintcycling

14 қазанда Қытайда маусымның соңғы Мировой тур кезеңі — «Тур Гуанси» көпкүндік жарысы басталды. Алғашқы кезең жаппай спринтпен аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

XDS Astana Team командасының өкілі Макс Кантер тамаша нәтиже көрсетіп, мәреде екінші болып келді. Ол тек Поль Маньеге есе жіберді.

«Бүгін спринт болатынын білген едік, сондықтан күн бойы сабыр сақтап, күшімізді соңына дейін үнемдеуге тырыстық. Команда керемет жұмыс атқарды — мені пелотон ішінде жақсы позицияда ұстады, су жеткізіп отырды. Соңғы екі шақырымда алдыңғы қатарға шығып, финалда жақсы спринт жасадым. Бұл біз үшін тамаша бастама», — деді Кантер.

Айта кетсек, «Тур Гуанси» жарысы 19 қазанға дейін жалғасады және маусымның соңғы Мировой тур кезеңі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Ноя - 15:38 Велосипед
Александр Винокуров-кіші спорт директоры дипломын алып, XDS Astana Team құрамында тәжірибеден өтеді
24 Окт - 18:00 Велосипед
Қазақстан велошабандоздары Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарында алтын жеңіп алды
17 Окт - 10:07 Велосипед
Қонаевта маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты өтті
14 Окт - 17:22 Велосипед
Макс Кантер «Тур Гуанси» жарысының алғашқы кезеңінде екінші орын алды
13 Окт - 16:28 Велосипед
Николя Винокуров XDS Astana Team-мен 2027 жылға дейін келісімін ұзартты
09 Окт - 13:05 Велосипед
Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды
09 Сен - 11:45 Велосипед
Қазақстандық маунтинбайкшілер Швейцариядағы әлем чемпионатына қатысады
23 Май - 00:42 Велосипед
«Астана» шабандозы «Джиро д’Италия» кезеңінде үздік ондыққа енді
29 Апр - 06:19 Велосипед
Қазақстан маунтинбайкерлері Азия чемпионатынан екі күміс жүлде еншіледі
22 Апр - 19:15 Велосипед
Amstel Gold Race: «Астанадан» жалғыз ғана велошабандоз мәреге жетті