Магомед Адиев: Қазақстан құрамасына оралуым мүмкін

Магомед Адиев. Фото: Icon Sportswire via Getty Images
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазір Ресейдің «Химки» командасын жаттықтырып жүрген Магомед Адиев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында ұлттық құрамаға оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.
«Қазір бар назарым өз жұмысымда. Қазақстан құрамасын да, Ресей чемпионатын да жиі қарап үлгермей жүрмін», — деді Адиев.
Оның айтуынша, Қазақстандағы кезеңін сәтті деуге болады, себебі нәтижелер өзінен-өзі көрініп тұр.
«Біз көп нәрсе істедік, халық алғысын білдірді — бұл дұрыс бағытта жүргеніміздің белгісі», — деп атап өтті маман. Ал болашақ жайлы сұраққа ол: «Иә, қайта оралуым мүмкін. Енді тәжірибем бар, қажет болса, жеңілірек болады. Әзірге тек «Химкиге» және алдағы ойындарға басымдық беріп отырмын», — деп жауап берді.