Адиев Қазақстанға келді. Қай клубпен келіссөз жүргізіп жатыр?

Магомед Адиев

Магомед Адиев

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев елге жұмыс бабымен келгенін растады. Бұл туралы ол «РБ Спортқа» берген сұхбатында айтты.

– Бірнеше кездесу өткізіп, жұмыс туралы сөйлесем деп келдім, – деді ол. – Егер бәрі ойдағыдай болса, жақын күндері қайтадан бапкерлікке кірісем.

Адиев бұл жолы ұлттық құрамамен емес, жергілікті бір клубпен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді. – Құраманың өз бапкері бар ғой қазір, – деді ол қысқа қайырып.

Айта кетейік, Магомед Адиев бұрын «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасын жаттықтырған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру