Лука Модрич мансабын ӘЧ-2026 аяқталғаннан кейін тәмамдамақ

Лука Модрич

Фото: El Confidencial

«Милан» клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич кәсіби мансабын 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист Даниэле Лонгоның мәліметінше, тәжірибелі футболшы италиялық клуб басшылығымен келісімшартты ұзарту мәселесін талқылауды көздемейді.

Қазіргі уақытта Модрич «Милан» сапында өнер көрсетеді. Ол командаға 2025 жылдың жазында қосылған болатын. Дереккөздің хабарлауынша, клубтың қазіргі жобасы хорватиялық ойыншының мансабын ұзарту туралы шешім қабылдауына әсер етпеген. 2025/26 маусымында 40 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирде 37 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Модрич мансабы барысында загребтік «Динамо», «Тоттенхэм» және «Реал» клубтарының намысын қорғады. Оның ең жарқын кезеңі мадридтік клубпен байланысты болды. «Реал» құрамында ол төрт рет Испания чемпионы атанып, екі рет ел Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар бес мәрте Испания Суперкубогын, алты рет Чемпиондар лигасын және бес рет УЕФА Суперкубогын жеңіп шықты. Ал «Динамо» сапында Хорватия чемпионатының, Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы атанды. 2018 жылы Модрич әлем футболындағы ең беделді жеке марапаттардың бірі – «Алтын допты» иеленді.

Хорватиялық футболшының мансабындағы соңғы ірі турнир 2026 жылғы әлем чемпионаты болуы мүмкін. Топтық кезеңде Хорватия құрамасы Англия, Гана және Панама командаларымен кездеседі. Құраманың әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі – 2018 жылы күміс жүлдеге ие болуы. Әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»