Александр Шевченко Братиславадағы Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Шевченко

Александр Шевченко. Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Словакияда өтіп жатқан Challenger санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандық теннисші ширек финалда чехиялық Максим Мрвамен (ATP рейтингінде 312-орын) кездесті.

Екі сетке созылған матчта Шевченко 7:6 (11:9), 6:0 есебімен басым түсті.

Кездесу 1 сағат 29 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Александр төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және брейк-пойнтқа берілген төрт мүмкіндіктің барлығын сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Братиславадағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар