Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді

Лионель Месси Майами

Фото: Athlon Sports

Аргентина құрамасының капитаны әрі «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа футбол жобасын – «Месси кубогы» атты жасөспірімдер турнирін таныстырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жеті дүркін «Алтын доп» иегері бұл бастама туралы өз әлеуметтік желілерінде хабарлаған.

Турнир желтоқсанның 9-14 күндері Майами қаласында өтеді. Жарысқа әлемнің үздік академиялары қатыспақ. Қатысушылар қатарында 16 жасқа дейінгі командалар бар: «Ривер Плейт», «Ньюэллс Олд Бойз», «Интер Майами», «Барселона», «Атлетико», «Челси», «Манчестер Сити» және «Интер».

Мессидің бастамасымен ұйымдастырылған бұл турнирдің басты мақсаты – жас футболшылардың дамуына жол ашу және әр елдің академиялары арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Лионель Месси 2023 жылдан бері «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы «Барселонада» ойнаған, кейін Пари Сен-Жермен клубының намысын қорғаған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді