Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэйдің UFC 329 турниріндегі гонорарлары белгілі болды

Макс Холлоуэй

Фото: Zuffa LLC

UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысқан Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэйдің қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ирландиялық пен америкалық арасындағы қарымта кездесу 12 шілдеде Лас-Вегаста өтті.

Журналист әрі инсайдер Ариэль Хельванидің мәліметінше, Конор Макгрегордың негізгі гонорары 15,04 миллион долларды құрады. Ал The Sportster басылымының хабарлауынша, UFC-дің бұрынғы чемпионы Макс Холлоуэй бұл жекпе-жек үшін 5,08 миллион доллар алған.

Қарымта кездесу бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Конор Макгрегор аяғынан ауыр жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде жеңіс техникалық нокаутпен Макс Холлоуэйге берілді.

Макгрегор мен Холлоуэй алғаш рет 2013 жылы кездескен болатын. Сол жекпе-жекте ирландиялық файтер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді. UFC 329 турниріндегі кездесу Конор Макгрегор үшін бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы ММА жекпе-жегі болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру