Клубтық әлем чемпионатының үздіктері анықталды

Пальмер Челси

Фото: Getty Images

АҚШ-та өткен клубтық әлем чемпионаты аяқталып, ФИФА турнирдің жекелеген марапат иелерін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финалда екі гол соққан «Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.

Ең үздік қақпашы атағы тағы бір «Челси» ойыншысы — Роберт Санческе бұйырды. Ол финалдық кездесуде өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Ал ең үздік жас ойыншы номинациясы «ПСЖ»-ның жас шабуылшысы Дезире Дуэге берілді. Ол финалда жеңілгенімен, бүкіл турнир барысында жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсті.

Үздік сұрмерген атағын бірден төрт футболшы бөлісті: Гонсало Гарсия («Реал Мадрид»), Маркос Леонардо («Аль-Хиляль»), Серу Гираси («Боруссия Дортмунд») және Анхель Ди Мария («Бенфика») — барлығы 4 голдан соқты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру