IBF рейтингінде қазақстандық боксшылар өз орындарын сақтап қалды

Султан Заурбек

Фото: boxing

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тізімде қазақстандық боксшылар өз позицияларын сақтап, әлемдік аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Орта салмақта әлем чемпионы белбеуі әлі де Жәнібек Әлімханұлының қолында. Бірінші орын бос, бұл ретте IBF тарапынан міндетті қарсылас әзірге анықталған жоқ. Бұл жағдай қазақстандық боксшының дивизиондағы басымдығын күшейте түседі. Үздік үштікте Этиноса Олиха (2) мен америкалық Остин Уильямс (3) орналасқан.

Ал екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек өз орнын сақтап қалды — ол IBF рейтингінде үшінші орында. Екі жоғарғы орын әзірге бос тұр, ал осы салмақтың қазіргі чемпионы — мексикалық Эдуардо Нуньес.

Бұған дейін IBF Заурбектің келесі қарсыласын ресми түрде бекіткен болатын. Ол — австралиялық Лиам Уилсон (13–3, 7 КО), бұған дейін де әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізген боксшы. Жеңіліп көрмеген қазақстандық (20–0, 13 КО) үшін бұл кездесу мансабындағы ең маңызды сынақтардың бірі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру