IBF рейтингі жаңартылды: қазақстандық боксшылардың позициялары өзгерді

Али Ахмедов

Али Ахмедов

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық боксшылардың позицияларында біраз өзгерістер болды.

Али Ахмедов екінші орта салмақтағы ТОП-15 тізімінен шығып қалды. Өткен айда ол Астанада өткен жекпе-жекте күтпеген жерден Мацей Сулецкиге нокаутпен есе жіберіп, WBC Silver белбеуін иелену мүмкіндігін жоғалтқан еді.

Орта салмақта IBF белбеуі Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Бірақ рейтингтің бірінші орны бос тұр. Қазіргі уақытта екінші сатыда Этиноса Олиха (Италия), ал үшінші орында Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания) орналасқан.

Жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек өз орнын сақтап қалды – ол 5-орында. Бұл дивизиондағы чемпиондық белбеу бос. Тізімнің көшін мексикалық Эдуардо Нуньес бастап тұр. Екінші орын бос, ал үшінші сатыға жапондық Масанори Рикиши жайғасқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр