Forbes ең көп табыс тапқан теннисшілерді атады

Карлос Алькарас

Фото: Getty Images

Forbes журналы соңғы 12 айдағы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Тізімнің көшін қатарынан екінші жыл испаниялық Карлос Алькарас бастады. Ол жалпы $48,3 миллион тапқан, оның $35 миллионы корттан тыс келісімшарттардан түскен. Екінші орында — Янник Синнер ($47,3 млн), ал алғашқы үштікті Кори Гауфф ($37,2 млн) түйіндеді.

Ал үздік ондыққа Новак Джокович ($29,6 млн), Арина Соболенко ($27,4 млн), Чжэн Циньвэнь ($26,1 млн), Ига Швёнтек ($24 млн), Тейлор Фриц ($15,6 млн), Фрэнсис Тиафо ($15,2 млн) және Даниил Медведев ($14,3 млн) енді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру