Финонченко «Шахтёрдың» бас бапкері атанды

Андрей Финонченко

Фото: kazfootball.kz

Қарағандылық «Шахтёр» клубы Андрей Финонченконы команданың жаңа бас бапкері етіп тағайындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл шешімді клубтың баспасөз қызметі растады.

Клуб мәліметінше, Андрей Финонченко — «Шахтёр» тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі. Ол өзінің ойыншылық мансабының барлығын осы клубта өткізіп, кейін жаттықтырушылық қызметке ауысып, жасөспірімдер және жастар командаларымен жұмыс істеді, сондай-ақ негізгі құрамды да басқарған.

Сондай-ақ маман жақында Швейцарияның Ньон қаласында PRO санатындағы бапкерлік лицензиясын алғаны хабарланды. Клуб басшылығы жаңа бапкерге сенім білдіріп, оның командамен тығыз байланысын атап өтті.

Бұған дейін «Шахтёрдың» бас бапкері қызметін Дмитрий Огай атқарған еді. Өткен маусымда Бірінші лигада қарағандылық команда төртінші орын алып, ҚПЛ-ға бірден орала алмады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру