Ең қымбат легионер «Ордабасыдан» кетті – жалақысы Тәнібергеннен де көп болған

Евгений Макаренко

Евгений Макаренко. Фото: dynamomania.com

«Ордабасы» сапындағы ең қымбат шетелдік ойыншы командамен қош айтысты. Бұл туралы мәліметті «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы таратты. Әңгіме украиналық жартылай қорғаушы Евгений Макаренко жайында.

Ол 2023 жылдың шілдесінде Шымкент клубымен келісімшартқа отырған. Содан бері Қазақстан Премьер-лигасында 30 матч өткізіп, екі гол соққан. Алайда көп ұзамай клубтан кеткені белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, Макаренконың айлық жалақысы 40 мың долларға жуық болған. Бұл – тіпті капитан Асхат Тәнібергеннің жалақысынан да жоғары көрсеткіш.

Оның кетуіне нақты не себеп болғаны айтылмады. Бірақ клуб құрамында өзгерістер болатыны байқалады. Ал «Ордабасы» әзірге бұл жағдайға ресми пікір білдірген жоқ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 16:36 Футбол
«Рубин» Валерий Громыконы «Қайраттан» кеткеннен кейін өз қатарына қосуды қарастыруда
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады
29 Янв - 03:47 Футбол
«Қайрат» Лондонда «Арсеналға» есе жіберіп, Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтады
28 Янв - 19:11 Футбол
Усман Дембеле Сауд Арабия чемпионатына ауысуы мүмкін
28 Янв - 18:19 Футбол
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
28 Янв - 12:20 Футбол
«Қайсар» «Челсидің» бұрынғы қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр