Джокович US Open турнирін жеңіспен бастады

Новак Джокович

US Open алғашқы айналымында әлемнің жетінші ракеткасы Новак Джокович америкалық 19 жастағы Лёнер Тьенге қарсы ойнап, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Артур Эш» аренасында өткен матч серб спортшысының пайдасына 6:1, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен аяқталды.

Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды. Джокович жеті эйс жасап, төрт қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал қарсыласының еншісінде бір эйс, алты қос қателік және екі брейк-пойнт бар.

Келесі кезеңде сербиялық теннисші рейтингте 149-орында тұрған америкалық Захари Свайдамен кездеседі. Айта кетейік, турнир Нью-Йоркте 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру