«Динамоға» Бахтиер Зайнутдиновты алу ұсынылды

Бахтиер Зайнутдинов

Фото: UEFA via Getty Images

Мәскеулік «Динамо» клубының бас бапкері Валерий Карпинге Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновті қатарға қосу ұсынылды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұл пікірді ресейлік инсайдер Иван Карпов телеграм-арнасына жазды.

Карповтың айтуынша, Зайнутдинов бірнеше маусым бойы РПЛ-де ойнап, жақсы бейімделген. Ол «Астана», «Ростов», ЦСКА, тіпті «Бешикташта» әртүрлі позицияда ойнаған – қорғаушыдан бастап шабуылшыға дейін. Карпин бұрын Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген және оның кетуін ауыр қабылдағанын айтқан.

Қазір Зайнутдинов «Бешикташпен» қош айтысуы мүмкін. Соңғы маусымда ол 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген. БАҚ мәліметінше, бас бапкер Уле Гуннар Сульшер ойыншының қызметіне мүдделі емес.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру